Қадір түні оқылатын сүре/дұғалар: 🌿1. Ықлас сүресі - 100 рет оқу☑️ Бисмилләәһир - рахмаанир - рахим. «Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус - самад, ләм иәлид, уә ләм иуләд, уә ләм иәкул - ләһу куфуән ахад» 🌿2. Қадыр сүресі – 100 рет☑️ Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр. 🌿3. Лә иләһа иллаллаһ, Мухаммадур расулуллаһ – 100 рет☑️ Қазақша мағынасы: Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі. 🌿4. Әшһәду әллә иләһә иллАллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расуулуһ – 100 рет☑️ Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін. 🌿5. Әстәғфируллаһ – 500 рет☑️ 🌿6. Лә иләһә илләллаһу уахдәһу лә шарикә ләһу, ләһул - мулку уә ләһул - хамду, уә һууә ғалә кулли шәй-ин қадиир – 100 рет☑️ ______________________________________________________ ➖Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. ➖Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. ➖Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.